"Қырыққа келіп, өзімді таппай жүрмін дегендерге таңғаламын»: Жұлдызай Дүйсенбиева өмірді қиындатпауға кеңес берді (видео)

Өнер иесі қазір көп адам өмірді өз ойымен қиындатып жатқанын атап өтті.

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева адам өзін қинап, шектеу қоймау керегін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі қазір көп адам өмірді өз ойымен қиындатып жатқанын атап өтті. Сондықтан әрбір нәрсеге шынайы қарай білу керек.

«Қазір «Өзіңді өзің емдеп, тәрбиеле. Күліп жүр, ешкімге» деген сияқты сөздерді көп естиміз. Жай өмір сүре берейікші деймін ондайда. Бұл өмір ғой. Күлгің келсе, күл. Жылағың келсе, жыла. «Олай істеуге болмайды, былай істеуге болмайды» деп шектеп тастаймыз. Өмір сүре беру керек. Енеңмен ұрысқың келсе, ұрыс. Ол да анаң ғой. Айтқың келгенін айт, ол да айтсын саған. Онда тұрған не бар. Екеуіңде іште сақтап, екі ортада күйеуіңді құртқанша, бар да айт. «Енеммен ұрысып жүрмін, не істеймін» деп, коуч іздейді. Ол «Өзіңді өзің тәрбиеле» деп, өзіңді кетесің ары қарай... Қырыққа келіп, өзімді таппай жүрмін дегендерге таңғаламын. Өмірге келдің, барсың ғой», - дейді актриса.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.