Құттықтау хатын жолдады

Мемлекет басшысы Ұлттық мерекеге орай Латвия Президентіне құттықтау хат жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эдгарс Ринкевичсті Латвия Респуб­ли­касын жариялау күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы өзара тиімді ынты­мақ­тастық одан әрі кеңейе түсетініне сенім білдірді. Сондай-ақ Эдгарс Ринкевичстің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Лат­вия халқына бақ-береке тіледі.