«Ешқашан ұмытылмайтын сыйлық...»: Димаш Мексикадағы жанкүйерлеріне алғыс айтты (видео)

Өнер иесі қала көшелерінің бірінде өз бейнесі салынған муралды арнайы барып, көрді.

Әнші Димаш Құдайберген Мексиканың Монтеррей қаласында жанкүйерлері дайындаған ерекше тосынсыйға таңданысын жасырмады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі қала көшелерінің бірінде өз бейнесі салынған муралды арнайы барып, көрді. Димаш Құдайберген Мексикадағы жанкүйерлерінің ықыласына риза болып, муралдың жанында әріптестерімен бірге музыкалық тартуын ұсынды.

“Монтеррей, мені сөзбен айтып жеткізе алмайтындай әсерге бөледіңіздер! Осы әсем қаланың көшелерінің бірінде менің бейнем салынған муралды көру – ешқашан ұмытылмайтын сыйлық. Осындай ерекше ықылас пен ыстық сезімдеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын! Ал біз өз кезегімізде сіздерге менен және талантты достарымнан ерекше музыкалық сыйлық дайындадық!” – деп жазды Димаш.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.