Прозалық байқау жалғасады

Мәдениет және ақпарат министрлігі жаңа қалам­герлерді анықтап, қолдауға арналған «Қала хикая­лары» республикалық прозалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатқанын хабарлады.

Байқау қала мәдениетін, қазіргі қаладағы адам өмірін, қоғам­дағы өзгерістерді, сондай-ақ ұлттық болмыс пен заманауи құн­дылықтардың өзара байланысын көркем әдебиет арқылы бей­нелеуді көздейді.

Байқауға Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Қала прозасы жанрында жазылған, бұрын жарияланбаған, кө­лемі кемінде 10 авторлық баспа табақ болатын романдар қа­был­­данады. Бір авторлық баспа табақ 40 мың баспа таңбасына тең. Әр қатысушы бір ғана шығармасын ұсына алады. Өтінімдер 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін qoljazba.bookfund.kz сайты ар­қылы қабылданады.

Байқау жеңімпаздарының шығармалары жалпы 15 мың да­намен басылып, Қазақстан кітапханаларына таратылады. Қа­зір­гі уақытта байқауға 20 өтінім түскен.