Конституция ауқымды өзгерістердің жаңа, шешуші кезеңіне жол ашты – Президент

Президенттің айтуынша, Ата Заң елдегі ауқымды өзгерістердің жаңа, шешуші кезеңіне жол ашып, мемлекеттік басқару жүйесін түбегейлі жаңғыртты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция аясында жүзеге асқан саяси және институционалдық өзгерістердің нәтижелеріне кеңінен тоқталып, еліміздің жаңа тарихи өсу және өрлеу дәуіріне қадам басқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент:
«Конституция ауқымды өзгерістердің жаңа, шешуші кезеңіне жол ашты. Елімізде мемлекеттік басқару жүйесі түбегейлі жаңғырды.
Қос палаталы Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай келіп, қазіргі таңда заң жобаларымен айналысуда.
Жаңа мекеме – Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты құрылды. Ең жоғары консультативтік орган – Қазақстан Халық Кеңесі өз жұмысын бастады.
Түбегейлі өзгерістер қоғамның барлық саласында жүргізілетін болды. Азаматтарымыз қазірдің өзінде реформалардың оң ықпалына, игілігіне көз жеткізді.
Қазақстан реформаларының ерекшелігі, бұл – алдын ала дайындалған жоспарға сәйкес ішкі «темірдей» логиканың болуы, яғни, нақты тәртіп пен сабақтастықтың сақталуы.
Себебі ауқымды өзгерістер мен үстірт көзқарас ешқашан бірге жүрмейді, бір-біріне кедергі болады. Бұл – заңды нәрсе.
Осылайша, түбегейлі реформалар жүргізу арқылы Қазақстан жаңа тарихи өсу, өрлеу дәуіріне қадам басты».

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.