Қазақстандықтар желтоқсан айында неше күн демалатыны мәлім болды

Бес күндік жұмыс аптасында еңбек ететіндер үшін ай ішінде 9 демалыс күні қарастырылған.

2026 жылдың желтоқсанында қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай қосымша бір күн демалады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бес күндік жұмыс аптасында еңбек ететіндер үшін ай ішінде 9 демалыс күні қарастырылған.

Қазақстанда 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күні атап өтіледі. Биыл бұл мереке сәрсенбіге сәйкес келеді. Сондықтан бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында еңбек ететін азаматтар үшін осы күн демалыс болады.

2026 жылға арналған өндірістік күнтізбеге сәйкес, желтоқсандағы жұмыс және демалыс күндерінің саны мынадай:

- Бес күндік жұмыс аптасында: 9 демалыс және 22 жұмыс күні;

- Алты күндік жұмыс аптасында: 5 демалыс және 26 жұмыс күні.

Бес күндік жұмыс кестесі бойынша 5-6, 12-13, 19-20 және 26-27 желтоқсан демалысқа сәйкес келеді. Оған 16 желтоқсандағы мерекелік демалыс қосылады.

Ал алты күндік жұмыс аптасында 6, 13, 20 және 27 желтоқсан жексенбі күндерімен қатар, 16 желтоқсан да демалыс болады.

Желтоқсан айында демалыс күндерін ауыстыру қарастырылмаған. Сондай-ақ 31 желтоқсан, бейсенбі – жұмыс күні. Жаңа жылға байланысты мерекелік демалыс 2027 жылғы 1 қаңтардан басталады.