Дөңгелек үстел барысында Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры Анатолий Торкунов, Солтүстік Қытай су ресурстары және электр энергетикасы университетінің президенті Лю Цзюньго, Кардифф университетінің президенті Ларнер Венди, Сеул киберуниверситетінің президенті Ли Ынджу, Үрімжі кәсіби университетінің президенті Гэ Чэнгуан, Анхальт университетінің президенті Йорг Багдан, Гази университетінің ректоры Угур Унал және Ұлттық ядролық зерттеу университетінің ректоры Владимир Шевченко сөз сөйледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Қазақстанда 11 мемлекеттің жетекші университеті өз филиалдарын ашқанын мәлімдеген еді.