АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Жули Стафф қызымен бірге танымал имам Нұрлан Байжігітұлының шаңырағында қонақ болды, – деп жазды Aikyn.kz.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода елші қазақ дәстүрімен шашу шашқанын көруге болады. Сонымен қатар елші мен оның қызы қазақы нақышта киініп, қазақ тілінде сөйлеген.
Нұрлан имам құрметті қонақтарды ерекше ықыласпен қарсы алды.
“Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Джули Стаффт ханым шаңырағыма арнайы келіп, дәм татып, қонақ болды. Екі ел достығы, ортақ идеялары, бағдарлары мен менің мұхит асқан сапарларым төңірегінде тамаша сұқбаттастық. Президент Д.Трамп мырзаның тікелей еліміздегі өкілі уақыт бөліп келуі көп жақсылықтың нышаны”, – деді Нұрлан имам.
Жули Стафф қонақжайлығына ризашылығын білдіріп, Нұрлан имамды бауырым деп атады.
“Нұрлан имам – менің бауырым”, – деді дипломат.
Бұл көрініске желі қолданушылары сүйсініп, жылы лебізін білдіріп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.