Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі жазбасымен оқырманды алаңдатып қойды, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жедел жәрдем көлігінің суретін салып, сынықшы іздеп жатқанын жеткізген.
«Алматыдан сынықшы кім біледі? Жанболатқа тез арада керек», – деп жазды әнші.
Бұл желі қолданушыларының алаңдаушылығын туғызды. Оқырмандар әншіге денсаулық тіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.