ҚазАвтоЖол Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«2026 жылғы 20 қараша сағат 00:00-де теміржол жолындағы жөндеу жұмыстарына (ақаулы рельсті және рельс бекіткіштерін ауыстыруға) байланысты республикалық маңызы бар «Петерфельд — Архангельское — Новокаменка — Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 0-13 шақырым аралығында (Петерфельд а. — Архангельское а. учаскесі) автокөліктердің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі», - делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылғы 20 қараша сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.