Коронавирус жұқтырғандар саны 251 адамға жетті
Коронавирус жұқтырғандар саны 251 адамға жетті
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 251 адамға жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. "Қазақстандағы коронавирус бойынша 29 наурыз сағат 11:30 жағдай ⠀ Коронавирус індетін жұқтырған тағы 22 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында - 16 адам, Алматы қаласында - 4 адам, Атырау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам. ⠀ Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 151 адам, Алматы қаласында – 64 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 6 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 2 адам, жалпы 251 науқас тіркелді", – делінген министрліктің хабарламасында. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда COVID-19 дертінен 18 адам айығып, бір адам қаза тапты.