«Халықтық құрылыс» бағдарламасы ауыл-аймақтардың одан әрі дамуына жаңаша серпін беруге тиіс – Тоқаев

Бұл туралы Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөз етті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» жалпыұлттық жобасын әлемдегі геосаяси және экономикалық сын-қатерлерге жауап берудің тиімді жолы деп атады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

– «Халықтық құрылыс» деген атауында тұрғандай, бұл жоба халықтың игілігін көздейді, барлық азаматты жасампаз іске жұдырықтай жұмылдырады. Бұл – шын мәнінде келешек ұрпақтың қамы үшін қолға алған жалпыұлттық міндет.

Құбылмалы әрі тұрақсыз әлемнің күрделі сын-қатерлеріне біздің лайықты жауабымыз – «Құрылыс және тағы да құрылыс!». Геосаяси және экономикалық ахуал бұлыңғыр жағдайда мемлекетіміздің, ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің анағұрлым дұрыс, қисынды жолы осы екеніне сенімдімін.

Осы мазмұны терең бағдарлама аясында ауыл-аймақтарға, шаруалар мен агроөнеркәсіп кешендеріне қажетті инфрақұрылым салынады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.