Үкімет өнімдерді экспортқа шығаруға кедергі келтіретін тосқауылды жоюға тиіс – Мемлекет басшысы

Бұл туралы Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға кедергі келтіретін тосқауылдарды жоюды тапсырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

– Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының ұйғарымына сәйкес, Қазақстан ящур ауруынан таза аймақ ретінде танылды. Бұл – ет және басқа да мал шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарыққа шығару үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады деген сөз. Соны тиімді пайдалану керек.

Мал басын есепке алу жүйесін жетілдіріп, зертханалық диагностиканың сапасын арттыру қажет. Үкімет өнімдерді экспортқа шығаруға кедергі келтіретін тосқауылдарды жоюға тиіс, – деді Президент.