Димаш Құдайбергенге Дүниежүзілік бокс кеңесінің құрмет белбеуі табысталды

Белбеуді Дүниежүзілік бокс кеңесінің өкілдері кіші Гектор Сулейман, Хосе Антонио Арреола Сулейман, Виктор Сильва және Қазақстанның WBC-дегі өкілі Әлихан Жарылғапов табыстады.

19 қарашада Мехикодағы Palacio de los Deportes аренасында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) құрмет белбеуі табысталды. Бұл туралы dimash.news жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл марапат – өнерпаздың халықаралық деңгейдегі жетістіктері мен түрлі елдер мен мәдениет өкілдерін музыка арқылы жақындастыруға қосқан үлесіне берілген баға.

Белбеуді Дүниежүзілік бокс кеңесінің өкілдері кіші Гектор Сулейман, Хосе Антонио Арреола Сулейман, Виктор Сильва және Қазақстанның WBC-дегі өкілі Әлихан Жарылғапов табыстады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.