Әнші, актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбет әлеуметтік желіде сурет жариялап, көрерменді қызықтырып қойды , – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі ер-азаматпен түскен cурет жариялады. Желі қолданушылары оны әншінің сүйіктісі деп болжаған. Алайда өзі кім екенін ашып айтпай, қысқа ғана жазба қалдырған.
«Махаббат, JM», – деп жазған ол.
Желі қолданушылары әншіге бақыт тілеп, жылы лебізін білдіріп жатыр.
«Әнші Мирас емес пе екен?», «Мен білемін, бірақ айтпаймын», «Кім болса да, жақсы жігіт болсын», «Бақытты болыңдар», – деп жазды желі оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.