Астанада автобустағы қызға тиіскен ер адам ұсталды

Бұған дейін елорда тұрғыны автобуста бейтаныс ер адамның өзіне қатысты әдепсіз әрекет жасағанын айтып, әлеуметтік желіде шағымданған еді.

Астанада қоғамдық көлікте қызға тиісіп, денесіне қол тигізген 33 жастағы ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұған дейін елорда тұрғыны автобуста бейтаныс ер адамның өзіне қатысты әдепсіз әрекет жасағанын айтып, әлеуметтік желіде шағымданған еді.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстаған. Оқиға кезінде ер адам мас күйде болған.

Полицияның хабарлауынша, ер адам автобуста келе жатқан қыздың бөксесіне қол тигізген. Жолаушы ескерту жасағаннан кейін ол автобустан түсіп кеткен.

Аталған дерек бойынша ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Полиция қоғамдық орындарда мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін ескертті.