Ресейдің жүк кемесіне теңізде шабуыл жасалды

Ресейдің жүк кемесіне теңізде шабуыл жасалды

Фин шығанағында Калининградқа бағыт алған ресейлік «Sparta II» құрғақ жүк кемесіне екі ұшқышсыз ұшу аппараты шабуыл жасады. Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденконың мәліметінше, оқиға халықаралық суларда болған. Шабуылдан кейін кемеде өрт шығып, экипажды эвакуациялау мәселесі қарастырылған.

Эстония полициясы мен шекара қызметі шабуылға ұшыраған кеменің Санкт-Петербургтен Калининградқа бағыт алғанын растады. Кеме Финляндия жағалауына қарай жылжыған. Финляндияның шекара қызметі жағдайды бақылауға алып, құтқару операциясына дайындық жүргізген.

«Sparta II» Ресейдің «Оборонлогистика» компаниясына тиесілі және АҚШ пен Украина санкцияларына енгізілген. Кеме бұған дейін Ресейдің әскери жүктерін тасымалдауға пайдаланылған. Қазіргі уақытта кеменің зақымдану деңгейі мен экипаж мүшелерінің жағдайы туралы толық ақпарат жарияланған жоқ.