Дияр Нұрғожай UFC-де қарсыласын нокаутпен жеңді

Дияр Нұрғожай UFC-де қарсыласын нокаутпен жеңді

Қазақстандық ММА файтері Дияр Нұрғожай UFC турнирінде америкалық Алик Лоренсті екінші раундта нокаутқа түсірді.

Бұл – қазақстандық спортшының қатарынан үшінші жеңісі және нокаутпен аяқталған екінші жекпе-жегі.

Аталған кездесу Дияр Нұрғожайдың UFC ұйымымен жаңа келісімшартқа отырғаннан кейінгі алғашқы жекпе-жегі болды. Осы жеңістен кейін оның UFC-дегі көрсеткіші 3 жеңіс пен 2 жеңіліске жетті. Ал америкалық Алик Лоренс үшін бұл UFC-дегі дебюттік кездесу еді.