Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Ресей Премьер-лигасының 15-туры аясында «Рубинге» қарсы өткен кездесуде «Зенит» сапындағы үздік ойыншылардың бірі атанды.
Қазан қаласында өткен матчта Әліп негізгі құрамда алаңға шығып, ойынның толық уақытын өткізді. Flashscore статистикалық порталы қазақстандық футболшының өнеріне 7,4 балл берді. Бұл көрсеткіш «Зенит» ойыншылары арасында екінші нәтиже болды. Одан жоғары бағаны бразилиялық Густаво Мантуан (7,5) иеленді.
«Зенит» «Рубинге» 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Соған қарамастан, 31 ұпаймен Ресей Премьер-лигасының турнирлік кестесінде бірінші орнын сақтап қалды.