Дастан Сәтпаев «Челсиге» оралды

Дастан Сәтпаев жарақатынан емделу үшін «Челсиге» оралды

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев жамбасынан алған жарақатына байланысты оңалту курсынан өту үшін Лондонның «Челси» клубына оралды. Қазіргі уақытта 18 жастағы футболшы Англияның «Бернли» командасында жалға алу құқығымен өнер көрсетіп жүр.

Журналист Мэтт Скрафтонның хабарлауынша, Сәтпаев қалпына келу жұмыстарын «Челсиде» жалғастырады. Оның алаңға нақты қашан оралатыны әзірге белгісіз.

Қазақстандық футболшы соңғы рет 24 қазанда «Линкольн Ситиге» қарсы матчта алаңға шыққан. Содан бері ол бес кездесуді өткізіп алды. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының Молдова және Словакияға қарсы ойындары да бар.

«Бернли» келесі кездесуін 22 қарашада өз алаңында «Блэкбернге» қарсы өткізеді. Матч Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.