22 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Кей өңірлерде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Қазгидромет» синоптиктері ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Атырау қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысында түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, күндіз жаңбыр жауады. Өңірдің батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Батысы мен солтүстігінде жел секундына 15-18 метрге дейін күшейеді.
Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде күндіз жаңбыр мен қар аралас аздаған жауын-шашын күтіледі. Өңірдің батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Павлодар қаласында да түнде және таңертең осындай ауа райы сақталады.
Қарағанды облысының оңтүстігі мен орталығында түнде және таңертең жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ұлытау облысының шығысында түнде және таңертең жаңбыр мен қар аралас аздаған жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Жезқазғанда кей уақытта тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар жауады. Өңірдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Петропавлда күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Желдің екпіні кей аудандарда секундына 15-20 метрге жетеді. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түсіп, жел күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Өскеменде де осындай ауа райы болжанып отыр.
Абай облысының солтүстігі мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Семейде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақмола облысының батысында түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстігі мен оңтүстігінде күндіз аздаған жаңбыр күтіледі. Өңірдің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түседі.
Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Қызылорда қаласында түнде және таңертең тұман болады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Желдің екпіні кей аудандарда секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тұман түсіп, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, тұман түседі. Күндіз облыстың батысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ақтауда түнде кей уақытта тұман күтіледі.
Жетісу облысының шығысы мен таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.