Оқыс оқиға көрермендердің, оның ішінде балалардың көз алдында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада әртістің биіктікте күрделі трюк орындап жатқанын көруге болады. Бір сәтте ол тепе-теңдігін жоғалтып, манежге құлаған. Жерге түскеннен кейін гимнаст біраз уақыт қимылсыз жатқан. Оған әріптестері дереу көмекке ұмтылған.
Кейін қойылым жүргізушісі көрермендерге әртістің жағдайы туралы хабарлады.
«Дәрігерлер шоудың бірінші бөлімінде жарақат алған әртісті тексерді. Оның жағдайы жақсы. Маған сеніңіздер. Аяқ-қолы, бәрі бүтін, жуырда ол жұмысқа қайта кіріседі», – деді жүргізуші.
Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, зардап шеккен гимнаст Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Оның денсаулығына қатысты толық медициналық қорытынды әзірге жарияланған жоқ.
Белгілі болғандай, қауіпті нөмірді Мәскеудегі Никулин циркінің халықаралық цирк өнері фестивалінде күміс жүлде алған әртістер орындаған.
Оқиғаның нақты себептері туралы ресми ақпарат берілмеді.