Жаңбыр, қар аралас жаңбыр және көктайғақ: синоптиктер жолда барынша сақ болуды ескертеді

23 қарашаға арналған ауа райы болжамы.

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Синоптиктер тұман, көктайғақ және желдің күшеюі мүмкін екенін ескертеді. Елдің қиыр шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ірі қалалардағы ауа райы:

Астана: құбылмалы бұлтты. Түнде жаңбыр аралас қар, күндіз жаңбыр жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +3…+5°C.

Алматы: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +15…+17°C.

Шымкент: құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +20…+22°C.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге, әсіресе тұман мен көктайғақ кезінде жолда сақ болу ұсынылады.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер:

Астана қ.: 23 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі

Шымкент қ. : 23 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

23 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

23 қарашада түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

23 қарашада Ақмола облысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

23 қарашада Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.

23 қарашада Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

23 қарашада түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15 м/с.

23 қарашада түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

23 қарашада түнде Ақтөбе облысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде) күтіледі. Облыс бойынша тұман, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.

23 қарашада Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

23 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

23 қарашада Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері аудандарында кей уақыттарда 25 м/с.

23 қарашада түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

23 қарашада түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

23 қарашада түнде және таңертең Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

23 қарашада Түркістан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, таңертең және күндіз тау асуларында екпіні 23-28 м/с.

23 қарашада түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі.