Жеке тұрғын үй иелері пешті пайдалануда қандай ережелерді сақтауы тиіс?

Пеш жағу кезінде қауіпсіздік талаптарын ұмытпаған жөн.

Төтенше жағдайлар министрлігі жылыту маусымында пешті және мұржаны пайдалану талаптарын сақтамау тұрғын үйлерде өрттің шығуына және иіс газымен улануға себеп болуы мүмкін екенін ескертеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.. Осыған байланысты мамандар жеке тұрғын үй иелерін өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін қатаң орындауға шақырады.

Пешті және мұржаны пайдалану талаптарын сақтамау өрттің шығуына және иіс газымен улануға әкелуі мүмкін. Сондықтан жеке тұрғын үйлердің иелері өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын қатаң сақтауы қажет.

Ең алдымен, мұржаны күйеден кемінде үш айда бір рет тазалап отыру қажет. Жарықтары немесе басқа да ақаулары бар пешті пайдалануға қатаң тыйым салынады. Себебі бұл түтін мен иіс газының тұрғын үй ішіне таралуына әкелуі мүмкін.

Отынды, киім-кешекті және басқа да тез тұтанатын заттарды пештен қауіпсіз қашықтықта сақтау қажет. Пешті тұтату үшін бензин, керосин және басқа да тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Осы қарапайым талаптарды сақтау өрттің алдын алуға, жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын қорғауға көмектеседі, - делінген министрлік ескертуінде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.