Қалалық әкімдіктің мәліметіне сүйеніп, бүгінгі Астанадағы 1 тонна көмірдің бағасы 15 мың теңгеден басталады. Ал ең қымбаты – 23 мың теңге.
Нақтырақ 1 тонна көмірдің бағасы:
|
Көмір түрі |
Бағасы |
|
Қаражыра |
15 000-23 000 ₸ |
|
Шұбаркөл |
20 000-22 000 ₸ |
|
Майкүбі |
17 000-17 500 ₸ |
Бас қаладағы көмір сататын нүктелерінде оның бағасы әртүрлі. Мысалы, Герцен 4/1 мекенжайында Қаражыраның бір тоннасы 15 мың теңге тұрса, сол көшенің бойындағы Герцен 6/2-де отынның бағасы – 23 мың теңге. Арадағы айырмашылық 8 мың теңге. Сондықтан көмірдің бар-жоғын және нақты бағасын 109 нөмірі немесе Telegram-бот iKomek109 арқылы біліп алған жөн. Оның үстіне, көмірдің жеткізілуі мен тиеуіне де қосымша құн сұрауы мүмкін, оны да анықтап алған дұрыс.
Бір жылда көмір қаншаға қымбаттады?
Қала әкімдігінің мәліметінше, қалада көмір сататын 14 сауда нүктесі мен 10 қойма жұмыс істейді. Отын саудасымен сегіз компания айналысады. Барлығы көмірді тиеу мен түсіруге қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған.
Әкімдіктің 2026 жылғы қыркүйектегі деректеріне сәйкес, «Шұбаркөл» көмірінің бағасы 8,3%-ға, «Майкүбі» 8,4%-ға, ал «Қаражыра» көмірі 1,6%-ға қымбаттаған. Мысалы, 2025 жылы көмірдің бағасы осындай болған:
|
Көмір түрі |
Бағасы |
|
Қаражыра |
18 500 ₸ |
|
Шұбаркөл |
18 000 ₸ |
|
Майкүбі |
15 000 ₸ |
Еліміз бойынша көмірдің бірыңғай бағасы бекітілмеген. Баға көмірдің маркасына, кен орнына және жеткізу қашықтығына байланысты өзгереді. Мысалы, Қарағандыда көмір арзанырақ болса, Алматы облысы немесе Шығыс Қазақстан облысында тасымал шығынына байланысты қымбатырақ.
|
Өңір |
Қоймадағы көмірдің 1 тоннасы |
|
Астана |
16 800–19 500 ₸ |
|
Қарағанды облысы |
12 700–19 900 ₸ |
|
Алматы облысы |
24 000–27 000 ₸ |
Бір отбасына қыстан шығу үшін қанша көмір қажет?
Мәселен, Абай облысында Қаражыра көмірінің қоймадағы бағасы – 16 000 теңге. Жеткізу құны – қосымша 15 000-20 000 теңге (көлік бортына). Шалғайдағы елді мекенге жеткізілу болса, көмірдің құны тағы өседі. Үржар ауданында 1 тонна 30 мың теңгеге сатылды. Бұл – қазан айындағы көрсеткіш.
Ал Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында қарапайым көмірдің бағасы 18 000 теңге болса, әлеуметтік көмірдің тоннасы – 17 500 теңге.
Жылына қанша көмір пайдаланатыны әр отбасына, оның баспанасына байланысты. Қыстан аман-есен шығуына бір көмірдің 3 тоннасы жетсе, енді бірі 7 тонна алады. Жеткізілуінсіз есептегенде қарапайым көмірің 54 мың теңге шықса, 7 тонна көмір 126 мың теңге жұмсалады.
Елімізде жылдан-жылға көмір бағасының қымбаттап жатқаны белгілі. Мысалы, 2024 жылы көмірдің бөлшек саудадағы бағасы 15,6%-ға өскен. 2025 жылы өсім 8,5%-ға жеткен. Ал 2026 жылғы қаңтар-тамызда баға өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9%-ға қымбаттаған. Әсіресе, Абай облысында 2025 жылы көмір бағасының өсімі 14,4%-ға жеткен.