Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Жолды 24 қараша сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

ҚазАвтоЖол Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын жариялады, – деп хабарлайы Aikyn.kz.

2026 жылғы 23 қараша сағат 22:30-да ауа райының бұзылуына байланысты 

республикалық маңызы бар келесі автожолдарда автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі:

- «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолының 341 — 473 және 492 — 522 шақырым аралықтары (Ақмола облысының шекарасы — Бескөл а., Мамлют айналма жолынан — РФ шекарасына дейін);

- «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай (айналма жолымен) — РФ шекарасы» автожолының 729 — 856 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы — Ақмола облысының шекарасы);

- «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 595 — 946 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Бескөл а.);

- «Көкшетау — Кішкенекөл — Бидайық — РФ шекарасы (Бидайық ө/п)» автожолының 50 — 280 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — РФ шекарасы);

- «Көкшетау — Рузаевка» автожолының 61 — 196 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Рузаевка а.);

- «Қостанай — Мамлютка» автожолының 226 — 406 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы — Мамлютка қ.);

- «Петерфельд — Архангельское — Новокаменка — "Жезқазған — Арқалық — Петропавл" автожолы» автожолының 0 — 31 шақырым аралығы (Петерфельд а. — Новокаменка а.);

- «Булаево — Возвышенка — Молодогвардейское — Кирово — Қиялы — Рощинское» автожолының 0 — 228 шақырым аралығы (Булаево қ. — Рощинское а.);

- «Рощинское — Корнеевка — Волошинка» автожолының 0 — 87 шақырым аралығы (Рощинское а. — Волошинка а.);

- «Волошинка — Сергеевка — Тимирязево» автожолының 0 — 119 шақырым аралығы (Волошинка а. — Тимирязево а.);

- «Қарасай батыр мемориалдық кешеніне кіреберіс» автожолының 0 — 24 шақырым аралығы;

- «Тимирязево — Сарыкөл — Қостанай облысының шекарасы» автожолының 0 — 32 шақырым аралығы (Тимирязево а. — Қостанай облысының шекарасы);

- «РФ шекарасы (Қарақоға ө/п) — Петропавл» автожолының 0 — 120 шақырым аралығы (РФ шекарасы (Қарақоға ө/п) — Петропавл қ.).

Жолды 2026 жылы 24 қараша сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.