Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Сирачадағы (Таиланд) халықаралық турнирде тағы екі медаль иеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Отандастарымыз U17 санатында екі алтын медаль жеңіп алды.
ҚР ҰОК мәліметінше, Марлен Тулеш 71 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді. Ал Арыстан Темерғали 110 келіге дейінгі салмақта алтын тұғырға көтерілді.
Айта кетейік, бұған дейін Еркебұлан Анапия (82 келіге дейін) және Данияр Қанағатбек (72 келіге дейін) U20 санатында алтын алған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.