Заңдардың орындалуы – Құрылтай бақылауында

Мемлекет басшысы Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебайды қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрылтай жұмысының қазіргі нәтижелері және «Әді­лет» партиясының қызметі туралы баяндалды.

Құрылтай Төрағасы депутаттар 18 заң қабылдағанын және 38 заң жобасы қа­ра­лып жатқанын мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Құрылтайдың бі­рін­ші сессиясының ашылуында және Қа­­зақстан халқына Жолдауында айқын­да­ған міндеттерді заңнамалық тұрғыдан іске асыруға басымдық беріліп отыр. Жаңа Азаматтық кодекс әзірленіп жа­тыр. Со­нымен қатар балалардың құ­қық­тарын қор­ғау, педагогтер мен медицина қызмет­кер­лерін қолдау және өзге де әлеу­меттік маңызды бағыттар бойынша заң­намалық бастамалар пысықталуда.

2027-2029 жылдарға арналған рес­пуб­ликалық бюджет қабылданды. Де­пу­тат­тардың бастамасымен өңірлердегі 52 инф­рақұрылымдық жобаны жүзеге асы­ру үшін қосымша 47 миллиард теңге қа­­­­растырылды. Қаражат жылу, электр, газ және сумен жабдықтау жүйелерін жаң­­ғыртуға, сондай-ақ әлеуметтік инф­ра­­құрылымды дамытуға бағытталады.

Кездесуде қабылданған заңдардың орын­­далуына парламенттік бақылауды кү­­шейту шаралары да таныстырылды. Атап айтқанда, заңдардың іс жүзінде қол­данылу тиімділігі мен қабылданған ше­­шімдердің нәтижесін бағалауға ар­нал­ған заңнамалық мониторинг жүргізу қа­­ғидалары бекітілді. Сонымен қатар заң жобаларын талдау, құқықтық қай­шы­лық­тар мен ықтимал тәуекелдерді аны­қ­тау үшін e-Quryltai жүйесі және жа­санды ин­теллект технологияларын ен­гізу жал­ға­сып жатыр.

Құрылтайдың қоғамдық қабылдауы мен e-Otinish жүйесі арқылы халықпен ке­рі байланысты нығайту перспективасы тал­қыланды. Азаматтар көтерген мә­се­ле­лер заңнамалық бастамаларды әзірлеу ке­зінде ескеріледі. Сессия басталғалы өзек­ті әлеуметтік-экономикалық мәсе­ле­лер бойынша 111 депутаттық сауал жол­данған.

Айбек Дәдебай сарапшылармен, қо­ғамдық ұйымдармен, өңірлердегі және халықаралық серіктестермен байланыс нығайып келе жатқанын жеткізді. Мәс­ли­хаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылып, ЮНИСЕФ-пен бала­лар­дың құқықтарын қорғау мәселесі бойын­ша ынтымақтастық орнатылды. Же­нева­да өткен Парламентаралық одақ алаңын­да жасанды интеллектіге негіз­дел­ген AI-Quryltai парламенттік плат­фор­масы таныстырылды.

Мемлекет басшысына «Әділет» пар­тия­­сының қызметі туралы да ақпарат бе­ріл­­­ді. Партия Үкіметпен бірлесіп, 2026-2031 жылдарға арналған сай­лауал­ды бағдарламаны іске асыру жөніндегі жол картасының жобасын әзірледі. Құ­жат 303 іс-шараны қамтиды. Олар­дың орын­далуын қадағалау үшін цифр­лық мо­ниторинг құралдары енгізіліп жатыр.

Партияның қоғамдық қабылдауына 14 мыңнан астам өтініш түсті. Оның 8,3 мың­нан астамы оң шешімін тапты. Пар­тиялық бақылау барысында 300-ге жуық әлеуметтік инфрақұрылым нысаны тек­серіліп, анықталған кемшіліктердің 80 пайызға жуығы жойылды. Ал «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 12 мыңнан ас­там азаматқа көмек көрсетілді.

Сондай-ақ партия сайлаушылардың ұсы­ныс-тілектерін және тапсыр­ма­лар­дың орындалуын қадағалауға арналған «Әділ­ет.365» цифрлық жүйесін іске қос­ты.

Кездесу соңында Құрылтайдың заң шы­ғару қызметі мен партия жұмысының ал­дағы басымдықтары талқыланды. Пре­зидент тапсырмаларын іске асыру, сай­лауалды міндеттемелерді орындау жә­не азаматтардың әл-ауқатын арттыру­ға бағыт­талған нақты шешімдер қабыл­дау мәселелеріне баса мән берілді.