«Ана болу мені қатты өзгертті...»: Мақпал Исабекова жан сырын ақтарды (видео)

Әнші тағы балалы болғысы келетінін жасырмады.

Әнші Мақпал Исабекова Zamandas бағдарламасын отбасы туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі төрт жыл бойы декреттік демалыста болғанын және ана болу өзін қатты өзгерткенін жеткізді. Әнші осы уақытта екі баласын тәрбиелеуге мән беріп, шығармашылықтан уақытша қол үзген.

«Төрт жыл бойы декреттік демалыста болдым. Екі бала дүниеге әкелдім. Енді ғана айналама қарап, «Не болып жатыр? Не жаңалық? Киноға түсейік, ән айтайық!» деп жүрмін. Баламен үйде отырамын деп шешім қабылдаған өзім едім. Өйткені салыстырмалы түрде айтқанда кеш босандым. Ұлымды 38 жасымда, қызымды 40 жасымда дүниеге әкелдім. Сол себепті олардың қалай өсіп, қалай өзгеріп жатқанын көргім келді. Ана болу мені қатты өзгертті, жасырын тұрған потенциалымды ашты», – дейді Мақпал Исабекова.

Әнші тағы балалы болғысы келетінін жасырмады. Оның айтуынша, әйел қай жаста болса да, баланы дүниеге әкеле алады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.