Қарттарға қамқорлық артып келеді

Шымкентте жыл басынан бері 6 730 зейнеткер санаторлық-сауықтыру қызметімен қамтылды. Қалада егде жас­тағы азаматтардың денсаулығын нығайтуға, белсенді өмір сүруіне және әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Қоғамның әлеуметтік даму деңгейі оның аға буын өкілдеріне деген көзқара­сы­мен де өлшенеді. Өмір бойы еңбек етіп, елдің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан ар­дагерлер мен зейнеткерлерге қамқ­ор­лық көрсету – әлеуметтік саясаттың маңыз­ды міндетінің бірі. Бұл ретте ме­ди­ци­­налық және санаторлық-сауықтыру қыз­меттерінің қолжетімді болуы ерекше мән­ге ие. Өйткені егде жаста денсаулықты сақтау, созылмалы аурулардың асқынуы­ның алдын алу, ағзаны қалпына келтіру және өмір сапасын жақсарту мәселелері ал­дыңғы қатарға шығады.

Шымкент қаласында осы бағыттағы әлеу­меттік қолдау шаралары кезең-ке­зеңі­мен жүзеге асырылып келеді. Қала әкім­дігі зейнеткерлердің санаторлық-сауық­тыру қызметтеріне қолжетімділігін арт­тыруды басым бағыттың бірі ретінде қа­рас­тырып отыр. Қала әкімінің бастама­сы мен мәслихаттың тиісті шешімі негі­зін­де биыл зейнеткерлерге 5 500 шипа­жай­лық жолдама беру жоспарланған.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ая­сында бес шипажаймен келісімшарт жа­салып, қызмет көрсету тетігі жолға қойылған. Шымкент қалалық Жұмыспен қам­ту және әлеуметтік бағдарламалар бас­қамасының мәліметінше, 1 қараша­дағы мәліметі бойынша, осы ұйымдарға 3 850 жолдама берілген. Оның ішінде «Ақ­су демі» шипажайына – 770, «Күл­пар­шын­ға» – 575, Zari шипажайына – 580, «Түлкібас саясына» – 575, ал «Айша би­біге» 1 350 жолдама бөлінген.

Бұл көрсеткіштер қаладағы санатор­лық-сауықтыру қызметін ұйымдастыруда бірнеше медициналық-сауықтыру ұйы­мының әлеуеті пайдаланылып отырғанын аң­ғартады. Мұндай тәсіл қызмет көрсету мүм­кіндіктерін кеңейтіп, зейнеткерлерді әр­түрлі шипажайларға бағыттауға мүм­кін­дік береді.

Қамқорлықтың ауқымы кеңейіп келеді

Зейнеткерлерді сауықтыру жұмысы тек мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ая­сын­дағы шипажайлармен шек­тел­мей­ді. Қа­ладағы басқармаға қарасты «Ізетті зей­неткер» орталығы да осы бағытта қыз­мет көрсетіп келеді. Бүгінге дейін ор­та­лық арқылы 2 880 зейнеткер санаторлық-сауықтыру қызметіне жолданған. Осы­лай­ша, жыл басынан бері Шымкент қа­ла­сында жалпы 6 730 зейнеткер сауық­тыру қызметімен қамтылған. Жыл соңы­на дейін бұл көрсеткішті 9 мың адам­ға жет­­кізу жоспарланып отыр.

Мұндағы маңызды жайт – әлеуметтік қол­даудың сандық көрсеткішінде ғана емес, оның нақты қажеттілікке ба­ғыт­талуын­да. Егде жастағы адамдар үшін ши­пажайда ем қабылдау – денсаулық жағ­дайын жақсартуға, дәрігерлердің ба­қылауынан өтуге, ағзаны оңалтуға және күн­делікті өмірдегі белсенділікті сақтауға мүм­кіндік беретін шара. Сондықтан мұн­дай қызметтерді әлеуметтік көмек жүйе­сінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қа­растыру қажет. Әсіресе зейнетақы та­бы­сы шектеулі азаматтар үшін сана­тор­лық-сауықтыру қызметін өз қаражаты есе­бінен алу әрдайым қолжетімді бола бер­мейді. Осы тұрғыдан алғанда, жер­гі­лікті бюджет пен мемлекеттік әлеуметтік тап­сырыс тетіктері арқылы жолдамалар ұсыну әлеуметтік теңсіздікті азайтуға ба­ғытталған нақты қолдау болып сана­ла­ды.

Электронды кезек – ашықтық пен қолжетімділік тетігі

Шипажайға жолдама беру үдерісінде цифрлық технологияларды пайдалану да маңызды рөл атқарады. Қазір Шымкентте өтінімдерді қабылдау және кезекті жүр­гізу geo-shym.kz платформасы арқылы ав­томаттандырылған. Электронды жүйе аза­маттардың кезекке тіркелуіне, өті­нім­дерінің қаралу барысын бақылауына жә­не жолдама беру үдерісін жүйелеуге мүм­кіндік береді. Бұл – әлеуметтік қыз­мет көрсетуде ашықтықты қамтамасыз ету­ге бағытталған маңызды қадам. Де­ген­­мен бұл бағытта шешімін күтетін мә­­се­ле де бар. Қазіргі уақытта электронды ке­зекте 30 мыңнан астам азамат тіркел­ген. Ал бүгінде 2024 жылға дейін кезекке тұр­ған зейнеткерлерге жолдамалар ке­зең-кезеңімен беріліп жатыр.

Бұл дерек санаторлық-сауықтыру қыз­метіне деген сұраныстың жоғары еке­нін көрсетеді. Бір жағынан, жыл ба­сы­нан бері 6 730 адамның қамтылуы  ат­қарылып жатқан жұмыстың нақты нә­тижесі. Екінші жағынан, кезекте тұр­ған азаматтардың саны қызмет көрсету кө­лемін алдағы уақытта да арттыру қа­жет­­тігін аңғартады.

Сондықтан алдағы кезеңде жолдама са­нын көбейтумен қатар, кезектің жылжу қар­қынын жеделдету, қызмет көрсету са­пасын бақылау, шипажайлардың қ­а­был­дау мүмкіндіктерін кеңейту және аза­маттарды күту мерзімі туралы тұрақты ха­бардар ету маңызды болмақ.

Әлеуметтік саясаттың өзегі – адамға қамқорлық

Шымкент халқының саны мен қа­ла­ның әлеуметтік инфрақұрылымына тү­се­тін жүктемені ескерсек, егде жастағы аза­маттарға арналған қызметтердің қол­жетімділігін арттыру өзектілігін жоғалт­пай­ды. Зейнеткерлерді сауықтыру, меди­ци­налық оңалтуға жағдай жасау және олар­дың қоғамдық өмірге белсенді ара­ласуын қолдау – ұзақмерзімді әлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі.

Егде жастағы адамдардың денсаулы­ғын нығайту шараларын тек шипажайлық еммен шектемей, күнделікті медици­на­лық бақылау, профилактикалық тексеру­лер, оңалту қызметтері және белсенді ұзақ өмір сүру бағдарламаларымен са­бақ­тас­тырудың маңызы зор. Шымкентте жыл басынан бері 6 730 зейнеткердің сауық­тыру қызметімен қамтылуы – әлеу­мет­тік қолдаудың нақты нәтижесі. Ал жыл соңына дейін 9 мың адамға жеткізу жө­ніндегі жоспар осы бағыттағы жұмыс­тың жалғасатынын көрсетеді.

Аға буынға құрмет көрсету – тек ізгі ниет пен жақсы сөздің көрінісі емес, олар­дың денсаулығы мен лайықты өмір сүруі­не жағдай жасайтын нақты істерден кө­рінуін­де. 

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы