Бүгін араға 16 жыл салып, Алматы қаласында гандболдан әйелдер арасындағы сары құрлық додасын қайта қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан әйелдер құрамасы бірінші ойында Аустралиямен жолығып, 37:18 есебімен ірі жеңіске жетті.
Аруларымыздың кезекті ойыны 24 қараша күні Үндістанға қарсы өтеді.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәліметінше, 10 елдің қатысуымен өтіп жатқан Азия чемпионатында аруларымыз В тобында Оңтүстік Корея, Үндістан, Аустралия, Өзбекстанмен бір топта өнер көрсетеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.