Қазақстан мен Жапония стратегиялық ықпалдастықтың алдағы қадамдарын талқылады

Тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы желтоқсанда Жапонияға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Жапония Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Томоаки Ишигакиді қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы желтоқсанда Жапонияға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты және «Орталық Азия + Жапония» форматындағы өзара іс-қимылды дамыту перспективаларын талқылады.

Кездесу барысында екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға деген мүдделілік расталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.