Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі егде адамдарға бағытталған телефон алаяқтығының кең таралған схемасы туралы ескертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алаяқтар өздерін банктің, полицияның, емханалардың немесе мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстырып, бейтаныс адамдар шоттан ақша алуға тырысуда деп хабарлайды. Олар шұғыл жағдай сезімін тудырады, адамды қорқытады және қаражатты «қауіпсіз шотқа» аударуға сендіреді.
Содан кейін алаяқтар адамның мобильдік банкингті пайдаланатынын не пайдаланбайтынын анықтап, ақша аудару бойынша нұсқаулар береді немесе бөгде қосымшаны орнатуды ұсынады. Осындай қосымша арқылы олар құрылғыға және қаржыға қашықтан қол жеткізе алады.
Нені есте сақтаған маңызды?
Өзін қалай таныстырса да, бейтаныс адамның талабы бойынша қаржылық операцияларды жасамаңыз.
Қоңырау шалушы сіздің дербес деректеріңізді білсе де бұл оның банкте, полицияда, емханада немесе мемлекеттік органда жұмыс істейтінін растамайды.
Қоңырау шалушының атын, лауазымын және бөлімін жазып алыңыз. Әңгімені аяқтаңыз және ақпаратты тексеру үшін ұйымның ресми байланыс орталығына өзіңіз қоңырау шалыңыз
Егер бейтаныс адам өзін туыспын деп таныстырып, шұғыл түрде ақша аударуды сұраса, дүрбелеңге түспеңіз Туысқаныңызға өзіңіз қоңырау шалып, оның жағдайы жақсы екеніне көз жеткізіңіз.
Ешқашан телефон арқылы банктік карта деректерін, үш таңбалы CVV кодын, құпия сөздерді, СМС кодтарын және шоттағы соманы хабарламаңыз
Есіңізде болсын: банктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері ешқашан телефон арқылы құпия деректерді сұрамайды. Егер сізге күдікті қоңырау арқылы звондаса, әңгімені дереу тоқтатып, болған жағдай туралы банкке және құқық қорғау органдарына хабарлаңыз, - делінген арнайы ақпаратта.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.