Қазақстанда жолаушылар тасымалы 2,9%-ға өсті

Есепті кезеңде жолаушылар айналымы 80,3 миллиард жолаушы-шақырымды құрады (жолаушылар айналымы – тасымалданған барлық жолаушының жүріп өткен қашықтығының жиынтық көрсеткіші). Бұл өткен жылдың қаңтар–қазан айларымен салыстырғанда 8,1%-ға өсті.

2026 жылғы қаңтар-қазан айларында Қазақстанда барлық көлік түрімен 1,6 миллиард жолаушы тасымалданды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9%-ға артық.

Есепті кезеңде жолаушылар айналымы 80,3 миллиард жолаушы-шақырымды құрады (жолаушылар айналымы – тасымалданған барлық жолаушының жүріп өткен қашықтығының жиынтық көрсеткіші). Бұл өткен жылдың қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда 8,1%-ға өсті. Жолаушыларды барлық қатынас түрлері бойынша тасымалдаудан түскен кіріс 1,4 триллион теңгеге жетті.

Жолаушылар тасымалының негізгі көлемі автомобиль және қалалық электр көлігіне тиесілі. Он айда бұл көлік түрлерімен 1,6 миллиард жолаушы тасымалданды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,9%-ға артық. Аталған көлік түрлерінің жолаушылар айналымы 38,8 миллиард жолаушы-километрді құрап, 9,5%-ға өсті.

Әуе көлігімен 13,8 миллион жолаушы тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға артық. Жолаушылар айналымы 10,7%-ға өсіп, 28,2 миллиард жолаушы-шақырымды құрады. Әуе тасымалынан түскен кіріс 852,1 миллиард теңгеге жетті.

Ішкі су көлігімен 267,7 мың жолаушы тасымалданды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,8%-ға көп. Жолаушылар айналымы 10,8%-ға артып, 5,2 миллион жолаушы-шақырымды құрады.

Теңіз және жағалау көлігімен 46,8 мың жолаушы тасымалданды. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2,5 есе көп.

Теміржол көлігін 15,7 млн жолаушы пайдаланды. Жолаушылар айналымы 13,3 миллиард жолаушы-шақырымды құрады.

Жолаушылардың ең көп саны Алматы қаласында – 394,8 миллион адам, Астана қаласында – 285,6 миллион адам және Қарағанды облысында – 122,2 миллион адам тіркелді.

Өткен жылмен салыстырғанда тасымалданған жолаушылар саны Шымкент қаласында – 27,1%-ға, Астана қаласында – 10,3%-ға, Қарағанды облысында – 9,2%-ға және Жетісу облысында 8,4%-ға айтарлықтай өсті.

Жолаушылар айналымының ең жоғары көрсеткіші Алматы қаласында – 24,7 миллиард жолаушы-шақырым, Астана қаласында – 15,1 миллиард және Шымкент қаласында 6,4 миллиард жолаушы-шақырым тіркелді.