Актер, продюсер Азамат Сатыбалды 28 жасында салған төрт қабатты зәулім үйін көрсетті, – деп жазды Aikyn.kz.
Актер спортшы Еркебұлан Тоқтарды үйіне қонаққа шақырып, баспанасының әр қабатын, ондағы заттарды таныстырған. Айтуынша, актер үйді жас кезінде өзі салған.
“Бұл үйді 28 жасымда өзім салдым. 30 жасымда көшіп кірдім. Содан бері осында тұрамын, ештеңесін өзгертпедім. Ол кезде тәжірибеміз жоқ, қызығып, қабаттарын көбейте бергенбіз. Сөйтіп, төрт қабатты үй болып шықты. Жалпы аумағы – 580 шаршы метр”, – дейді актер.
Бейнежазбадан баспанада кең қонақ, жатын бөлмелер бар екенін көруге болады. Сонымен қатар жеке заттармен қоса, ұлт зиялыларының портреті қойылған.
Актер ата-анасынан қалған бұйымдарды сол күйі сақтап қалуды жөн көргенін жеткізді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.