Актер Дархан Мұсаев Бадықованың фильмі туралы пікірін айтты

Оның айтуынша, фильм арқылы құтқарушылардың еңбегі көрсетіліп, мәртебесі көтерілді.

Актер Дархан Мұсаев бұрынғы жұбайы Дариға Бадықованың фильмі туралы пікірін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, фильм арқылы құтқарушылардың еңбегі көрсетіліп, мәртебесі көтерілді. 

«Фильмді көріп шықтым. ТЖМ, өрт сөндіру, жалпы барлық құтқарушылардың мәртебесі көтеріліп қалды деп ойлаймын. Ол кісілер басқаның денсаулығы үшін, өмірі үшін өз өмірін қатерге тігетінін керемет жеткізген. Олардың да жеке өмірі бар екенін жақсы жеткізген. Бірақ қысқа, жұмыр дүниені созып жіберген сияқты. Динамика жоқ. Көргенімді айтып отырмын. Актерлық құрам өте мықты», – деді Дархан Мұсаев.

Өнер иесі өзі де кино түсіргенін, жақында көрерменге жол тартатынын жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.