Қазгидромет 25 қарашадағы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Кей аймақтарда қар аралас жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с-ке дейін жетеді. Ақтауда да жел бағыты өзгеріп, екпіні 15-20 м/с болады.
Ақтөбе облысының батысында күндіз кей уақыттарда жауын-шашын, жауады. Оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Батысында күндіз жолдар көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен соққан желдің екпіні түнде батысында, солтүстігінде, орталығында, ал күндіз орталығында 15-20 м/с-ке жетеді. Ақтөбеде түнде желдің екпіні 15-18 м/с болады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады. Таңертең және күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Жезқазғанда да тұман түседі.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысып, түнде және таңертең солтүстік пен шығыста екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Қарағандыда түнде және таңертең тұман болады.
Астанада түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Қостанайда түнде және таңертең тұман түсіп, жолдар тайғақ болады.
Алматы облысының таулы аудандарында түнде қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с-ке жетеді. Қонаевта жел бағыты өзгеріп, кей уақыттарда екпіні 18 м/с болады. Іле Алатауының Алматы қаласындағы Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында түнде жауын-шашын, негізінен қар жауып, көктайғақ болады. Кей уақыттарда тұман түседі. Батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 18-23 м/с-ке жетеді.
Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Атырауда түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15-18 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауады. Түнде таулы аудандарда кей уақыттарда қалың қар түседі. Таулы аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні облыстың солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с, түнде 23 м/с-ке дейін жетеді. Өскеменде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде 15-20 м/с болады.
Жетісу облысының шығысында, орталығында және таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан соққан желдің екпіні облыстың шығысында 15-20 м/с болады. Талдықорғанда түнде және таңертең тұман түседі.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні таулы аймақтарда 15-20 м/с болады. Шымкент пен Түркістанда түнде және таңертең тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде қар жауады. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыстан және оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15-20 м/с-ке жетеді. Петропавлда түнде қар жауып, түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыстан және оңтүстік-батыстан соққан желдің түнгі екпіні 15-20 м/с болады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен соққан желдің екпіні облыстың солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с-ке жетеді. Астана мен Көкшетауда түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.
Павлодар облысында түнде жаңбыр мен қар жауады. Батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыстан соққан желдің екпіні облыстың оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с-ке жетеді. Павлодарда түнде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр мен қар жауады. Күндіз облыстың шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын түсіп, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр мен қар аралас жауын болады. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Оралда түнде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, түнде екпіні 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Қызылордада кей уақыттарда тұман түсіп, жолдар тайғақ болады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні түнде таулы аймақтарда, күндіз облыстың солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында 15-20 м/с-ке жетеді. Таразда түнде және таңертең тұман болады.