2026 жылғы 29 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауында Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің сайлау учаскелерін алдын ала анықтай алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сілтеме жасап.
GOV.KZ платформасында өз сайлау учаскеңіздің нөмірі мен мекенжайын білуге мүмкіндік беретін онлайн-сервис жұмыс істейді.
Азаматтарға қолайлы болу үшін бірден үш интернет алаң іске қосылды. Көрсетілген сілтемелердің кез-келгеніне өтіп, сайлаушы өз өңірін таңдап, ЖСН енгізу арқылы сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын біле алады.
-https://www.gov.kz/sailau?lang=kk
Сонымен қатар, өз сайлау учаскесін іздеуге арналған онлайн-сервис eGovMobile қосымшасында да қолжетімді.
Сайлаушыларға қолайлы болу үшін онлайн-сервистерге сілтемелер қазақстандықтардың жеке ұялы телефон нөмірлеріне SMS-хабарлама түрінде, сондай-ақ екінші деңгейлі танымал банктердің мобильді қосымшалары арқылы PUSH-хабарламалар түрінде жолданды.
Аталған сервистерге QR-кодтарды сканерлеу арқылы да қол жеткізуге болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.