«Мен ондай кісіні танымаймын»: Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатов туралы айтты

Журналистер одан әншілікке бет бұруының себебін және Тұрсынбек Қабатовтың «Ән айтпай-ақ қойшы» деген пікіріне көзқарасын сұраған.

Әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқанова бұрынғы күйеуі Тұрсынбек Қабатовқа қатысты сұраққа жауап беріп, енді ол туралы әңгіме қозғағысы келмейтінін жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Журналистер одан әншілікке бет бұруының себебін және Тұрсынбек Қабатовтың «Ән айтпай-ақ қойшы» деген пікіріне көзқарасын сұраған.

– Мен ондай кісіні танымаймын. Ол тақырып маған мүлдем қызық емес, оны өзінен сұрасаңызшы, – деді Мөлдір Мұқанова.

М. Мұқанова сахнаға біреумен бәсекелесу немесе өзін дәлелдеу үшін шықпағанын айтты. Ән айту бала күнгі арманы болмаса да, жан қалауы екенін, алғашқы туындысының хитке айналатынын күтпегенін жеткізді.

Мөлдір Мұқанова алдағы уақытта кино түсіруді де жоспарлап отыр. Қазір ол көңілінен шығатын сценарий іздеп жүр. Сонымен қатар өнер жолын таңдаған екінші қызы Айымға продюсерлік ететінін мәлімдеді.