Астанада 26 жастағы жігіттің қазасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласынан 26 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Полиция оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, марқұмның жеке басы анықталған.

– Суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қаза тапқан 26 жастағы ер адамның жеке басы анықталды. Бейнебақылау камераларындағы жазбалар тәркіленіп, зерттелуде, – деп хабарлады ведомстводан.

Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. Тергеуге қатысты өзге мәлімет әзірге жарияланған жоқ.