«Мұндай киімді үй жинағанда киемін...»: Мақпал Жүнісова әнші Айдана Меденованың сахналық киімін сынады (видео)

Айдана Меденова Instagram парақшасында жаңажылдық бағдарлама түсірілімінен видео жариялаған.

Халық әртісі Мақпал Жүнісова әнші Айдана Меденованың сахналық киімін сынға алды, – деп жазды Aikyn.kz.

Айдана Меденова Instagram парақшасында жаңажылдық бағдарлама түсірілімінен видео жариялады. Әнші үстіне жабысып тұратын киім киіп, сыртынан ұзын кардиган жамылған.

Халық әртісі Мақпал Жүнісоваға бейнежазбаға пікір білдірді. Өнер иесі мұндай киімді үй жинағанда киетінін айтып, ойын астарлап жеткізген.

Желі қолданушыларының басым бөлігі әншінің пікірін қолдап, үлкендер жастарға өнеге көрсетіп, бағыт беру керегін жеткізген.

«Сахнаның сәні кетті», «Дұрыс, үлкен болып сіздер батырып айтпасаңыздар», «Сахнаны сыйламайтын өнер адамдары көп», «Сахна мәдениетін құтты», «Дайындық шығар деп отырмын», - деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.