«Жүзге келіп, өліңдер»: Нұржан Төлендиев тойда тілек айтамын деп, сынға қалды (видео)

Желі қолданушыларының бір бөлігі оның тілегін орынсыз деп сынаса, енді бірі әзіл ретінде қараған.

Актер, әзілкеш Нұржан Төлендиев Мақсат Базарбаевтың мерейтойында тілек айтып, сынға қалды, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол алдымен әнші Алтынбек Қоразбаевқа, кейін Мақсат Базарбаев пен жұбайына тілек айтқан.

«Бұл кісіге біз майда-шүйдеміз ғой. Майда-шүйдеден шығады екен. Көке, аман болыңыз. Сіздің жасыңызды, абыройыңызды берсін. Соны айтайын дегенмін ғой. Мәке, жеңешем екеуің жүзге келіп, өліңдер», – дейді ол.

Желі қолданушыларының бір бөлігі оның тілегін орынсыз деп сынаса, енді бірі әзіл ретінде қараған. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.