Мақпал Жүнісова 30 жыл бұрынғы бейнежазбасын жариялады

Instagram-парақшасында жариялаған видео осыдан 30 жыл бұрын, 1996 жылы түсірілген.

Халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде мұрғаттағы бейнежазбасын жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Instagram-парақшасында жариялаған видео осыдан 30 жыл бұрын, 1996 жылы түсірілген. Әнші концертте өнер көрсеткен сәтін еске алды. 

«1996 жылдың түсірілімі осындай бопты, қойған жарықтары осындай ғана болушы еді. Ол кезде тек “Азия дауысы “ болғанда жарық өте мықты қойылатын», - деді әнші.

Желі қолданушылары бейнежазбаны жылы қабылдап, тілегін жазып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.