«Семей» украиналық клубты жеңді

Қазақстанның «Семей» футзал клубы Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы алғашқы кездесуде Украинаның «Атлетик» командасын 3:2 есебімен жеңді.

Кездесу Молдованың Чо­реску қаласындағы «МФФ Футзал Арена» спорт ке­ше­нінде өтті. Ойынға ис­па­ния­лық Хуан Галлардо бас­таған төрешілер бриг­а­дасы қазы­лық етті.

«Семейдің» бас бапкері Сержи Альтисент алаңға Кнейсс, Дедезиньо, Кан­дидо, Де Оливейра Гомес және Торресті шы­ғарды. Қо­­салқы құрамда Игита, Пия­лы, Есенаманов, Карбаев, Әбдуманапұлы, Педриньо, Фер­нан және Тұрсағұлов болды. Кез­десудің 7-минутында Фернан есеп ашса, 18-минутта Эдуард Нагорный таразы басын теңес­тір­ді. Екінші таймның 24-минутында украиналық клубтың ойын­шысы Давид Калашник алаңнан қуылды. Араға екі минут са­лып, Педриньо қазақстандық команданы қайта алға шығарды.

35-минутта Олег Выставной есепті теңестірді. 36-минутта Бог­дан Мещеряков алаңнан қуылып, украиналық команда тағы да сан жағынан кем қалды. Кездесудің 38-минутында Педриньо дубль жасап, «Семейге» жеңіс әкелді – 3:2. Командалар ара­сын­дағы қарымта кездесу 5 желтоқсанда Семей қаласында өтеді.