Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.
Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссия мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың бағыттары мен тәсілдерін тұжырымдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды реформалаудың кешенді жоспарын әзірлеу үшін жүйелі ұсыныстарды қарау мақсатында құрылды.
Комиссияның жұмыс органы – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі.
Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері кірді.
Отырыстарға мүдделі орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ басқа да ұйымдардың өкілдері қатыстырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ:
Скляр Роман Васильевич – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға
Ерғалиев Әсет Арманұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары
Смайылов Әлихан Асханұлы – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы
Қойшыбаев Ғалымжан Тельманұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы
Жұманғарин Серік Мақашұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі
Мәдиев Жаслан Хасенұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Жиенбаев Ержан Нұрланұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары
Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі
Жазықбай Дархан Медеғалиұлы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы – Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы – Астана қаласының әкімі
Ахметжанов Марат Мұратұлы – Ақмола облысының әкімі
Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы – Алматы қаласының әкімі
Ақшолақов Болат Оралұлы – Атырау облысының әкімі
Байманов Шахмардан Асқарұлы – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
Есімханов Сұңғат Қуатұлы – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті төрағасының орынбасары
Каринова Шолпан Таңатқызы – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
Смышляева Екатерина Васильевна – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті төрағасының орынбасары
Лукин Андрей Иванович – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі
Мусин Бағдат Батырбекұлы – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі
Шайымова Айгүл Амантайқызы – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары, хатшы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.