Банк картасымен төлем жасау артық шығынға әкелуі мүмкін

Мінез-құлық экономикасында «төлем жасау ауыртпалығы» деген ұғым бар. Адам қолындағы ақшасын берген кезде оның азайғанын анық сезінеді. Ал картамен немесе смартфонмен төлем жасағанда бұл сезім әлсірейді. Сатып алушы ақшасынан айырылғанын бірден байқамауы мүмкін.

Қолма-қол ақшаға қарағанда банк картасымен төлем жасау адамның шығынын арттыруы мүмкін. Мұның себебі төлем жасау тәсілінің адам психологиясына әсер етуімен байланысты.

Мінез-құлық экономикасында «төлем жасау ауыртпалығы» деген ұғым бар. Адам қолындағы ақшасын берген кезде оның азайғанын анық сезінеді. Ал картамен немесе смартфонмен төлем жасағанда бұл сезім әлсірейді. Сатып алушы ақшасынан айырылғанын бірден байқамауы мүмкін.

Әсіресе интернет-дүкенде карта деректерінің алдын ала сақталуы, бір батырмамен тапсырыс беру және бөліп төлеу мүмкіндігі сатып алу туралы шешімді жылдамдатады. Адам тауардың өзіне қаншалықты қажет екенін ой елегінен өткізіп үлгермеуі ықтимал.

Бұған қоса, жеңілдік пен кешбэк те тұтынушының шешіміне әсер етеді. Кейде адам ақша үнемдедім деп ойлағанымен, бастапқыда сатып алуды жоспарламаған тауарға қаржы жұмсайды.

Қолма-қол ақшасыз төлемнен бас тартпай-ақ шығынды бақылауға болады. Ол үшін күнделікті жұмсалған қаражатты есептеп, жоспардан тыс сатып алуға белгілі бір шек қойған жөн. Қымбат тауарды сатып алу туралы шешімді келесі күнге қалдыру да артық шығынның алдын алуға көмектеседі.