Михаил Шайдоров Ұлттық олимпиадалық комитеттің ең жоғары марапатына ие болды

25 қарашада Астанада Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің (ҰОК) Бас ассамблеясы өтті. Жиында ұйымның 2024-2026 жылдардағы қызметі қорытындыланып, алдағы міндеттер айқындалды. Сондай-ақ ҰОК президенті Геннадий Головкин отандық спорт пен олимпиадалық қозғалыстың дамуына үлес қосқан азаматтарға марапат табыстады.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Ұлттық олимпиадалық комитеттің орденімен марапатталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

25 қарашада Астанада Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің (ҰОК) Бас ассамблеясы өтті. Жиында ұйымның 2024-2026 жылдардағы қызметі қорытындыланып, алдағы міндеттер айқындалды. Сондай-ақ ҰОК президенті Геннадий Головкин отандық спорт пен олимпиадалық қозғалыстың дамуына үлес қосқан азаматтарға марапат табыстады.

Михаил Шайдоров биыл Қазақстан тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанып, комитеттің ең жоғары марапатына ие болды.

Данияр Қасқарауов пен Қазақстан таеквондо федерациясының бас хатшысы Арал Садықов «Қазақстан Республикасының Олимпиадалық қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» І дәрежелі құрмет белгісімен марапатталды.

Ал ауыр атлеттер Александр Уваров пен Алексей Чуркин, жазғы Азия ойындарының чемпионы Тамирлан Тілеулес, Шымкент және Түркістан облысының таеквондо федерацияларының басшылары Олжасхан Уәлихан мен Елдос Ахметов ІІ дәрежелі құрмет белгісіне ие болды.

Таеквондодан жастар арасында әлем чемпионы Айым Серікбаеваға ҰОК-нің Құрмет грамотасы табысталды.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров биыл Италияда өткен Милан – Кортина қысқы Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алып, Қазақстанның спорт тарихында жаңа белеске көтерілді.