Әнші Тамара Асар әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында ұлы мен болашақ келінінің бірге түскен суретін жариялап, аналық тілегін айтты.
«Алла бұйыртса. Оң болсын, жарықтарым!» – деп жазды Тамара Асар.
Желі қолданушылары да әншіні қуанышымен құттықтап, жастарға бақыт тілеп жатыр.
«Құтты болсын», «Жастар бақытты болсын!», «Махаббаттары мәңгілік болсын», - деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.