27 қарашаға арналған ауа райы болжамы: еліміздің оңтүстігінде күн күрт суытады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Синоптиктер жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, желдің күшеюі, көктайғақ пен тұман болатынын болжайды. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтіледі.
Астанада құбылмалы бұлтты, кей уақытта қар жауып, бұрқасын мен көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с, түнде және таңертең кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 0…-2°C болады.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жаңбыр мен қар жауады. Кей уақытта жауын-шашын қатты болып, тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +5…+7°C болады.
Тұрғындарға ауа райы жағдайын ескеріп, жолға шығарда сақтық шараларын ұстану ұсынылады. Қатты жел, жауын-шашын және көктайғақ кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.