Қазақ шаңғышылары Әлем кубогын Финляндияда бастайды

12 кезеңнен тұратын Әлем кубогы 2027 жылдың наурызында Швецияның Ульрисехамн қаласында мәресіне жетеді деп жоспарланған.

27-29 қараша күндері Финляндияның Рука қаласында шаңғы жарысынан 2026/2027 жылғы Әлем кубогының алғашқы кезеңі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 елден 150-ден астам спортшы қатысатын бәсекеде ел намысын Әмірғали Мұратбеков, Нартай Тұрлыбекұлы, Ернар Нурсбеков, Олжас Климин, Святослав Матасов, Надежда Степашкина, Дарья Ковалева, Ксения Шалыгина және Анна Мельник қорғайды.

Алғашқы күні ерлер мен әйелдер классикалық әдіспен 10 шақырымға жекелей стартта сынға түседі. 28 қарашада классикалық спринт, ал 29 қарашада еркін әдіспен 20 шақырымдық масс-старт өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.